Бүгінгі күнде Қазақстанда несиені әртүрлі бағдарламалармен алуға болады. Олардың шарттары да  бір-бірінен өзгешеленеді – қолжетімді сомалармен, қайтарым мерзімдерімен, артық төленетін сома мөлшері, қарыз алушыға қойылатын талаптар және т.б.

Қазақстанның қандай банктерінде несие минималды пайыздармен беріледі?

Бүгін біз сіздерге қарызды төмен пайыздармен беретін банктермен таныстырғымыз келеді.

Қазіргі таңда ең танымал банк қызметі – тұтынушы несиені рәсімдеу болып табылады. Бұл таңғаларлық жағдай емес, себебі ең қолайлы талаптар ұсынылған – кепілгерді табу, жылжымайтын мүлік немесе көлікті кепілге қою қажет емес.

Сонымен қатар көптеген компаниялар клиенттеріне жүгінген күні несие рәсімдеу (экспресс-несие) қызметін ұсынады.

Бірақ ең тиімді ұсынысты несиелер нарығында ұсынылған сал алуан бағдарламалар арасында қалай табуға болады?
Сол үшін біз минималды пайыз ұсынатын компаниялардың арнай рейтингін ұсынамыз. Тек экономикалық шолуға ғана емес, нақты сіздің қалаңыздағы ұсыныстарға бағытталу қажет. Өйткені әрбір облыста әртүрлі банктік мекемелер жұмыс істейді. Сондықтан сіздің тұрғылықты ж еріңізде жалпы қандай фирмалар бар екендігін біліп алып, кейін оларды өзара салыстыру жұмыстарын бастауға болады.

Дәл осы жерде барлық жұмыс жасап жатқан финанстық компаниялар және олардың ең тиімді бағдарламаларының сипаттамалары жинақталған.

Қазақстан банктерінің 10 ең тиімді несиелерінің тізімі:

  1. CenterCredit (Дәстүрлі құндылықтар банкі) — бұл жерде  «Қарапайым» өнімі қолданылады. Бұл бағдарлама бойынша сізге 10 млн. тенгеге дейін немесе 30 мың АҚШ долларына дейінгі соманы ұсына алады. Мөлшері 6-дан 15%-ға дейін жылдықпен өлшенеді, қайтарым мерзімі 1 жылдан 10 жалға дейін.
  2. BankRBK —  «Керекті несие» қызметін қарыз алушының табысын растап немесе растамай-ақ  ұсына алады.  Бірінші жағдайда жылына 8-дан 21%-ға дейін, екінші жағдайда жылына  9-дан  22%-ға дейін мүмкін болады. Сіз 750 мыңнан 75 млн. теңгеге дейін немесе 500 мың доллар мөлшеріндегі сома алуға мүмкіндік аласыз.
  3.  Астана банкі – бұл жерде сіз өзіңіздің жылжымайтын мүлігіңізді кепілге қоя отырып, 100 мың долларға дейінгі көлемді несие ала аласыз. Жылына 10% көлеміндегі белгіленген, келісім-шарт уақыты – 7 жыл.  
  4.  Қазком банкінде 10% мөлшеріндегі бірнеше тиімді бағдарламалар бар. Нақтырақ айтатын болсақ – зейнеткерлер үшін (3 млн. теңгеге дейін) қаржыландыру және экспресс-несиелер – 5 миллионға дейін. Несие 60 айдан аса уақытқа  берілмейді.
  5. Eurasion Bank — несие тарихында ешқандай жағымсыз оқиғалар болмаған клиенттеріне 20 мыңнан  5 млн. теңгеге дейін 4 жылдық несие береді. Бірақ, қалыпты жылына 10,41% мөлшерінде қойылады.
  6. Capital Bank Kazakhstan — несиені  күнделікті керек-жарақтар үшін  жылыжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы береді. Келісім-шарт 11- ден 19% мөлшерінде 6-84 айға беріледі. Несие мөлшеріне шектеу қойылған – 15 млн. теңге.
  7. Qazaq Banki — «шұғыл қажеттілікке»  жылына 15-20% мөлшерінде, келісім-шартты 10 жылға созуға мүмкіндік беретін несие ұсынады.  Ұлттық валютада 30 млн. теңге көлемінде немесе 111.000 АҚШ дооллары көлемінде беріп отырады.
  8. ForteBank — кепілсіз несие ұсынады. Алайда, несие алу уақыты 5 жылға дейінгі шартта максималды несие мөлшері –  5 млн. теңге. Үстіне қосылатын ақша жылына – 11,99%.
  9. Альфа-Банк жылжымайтын мүлікті кепілге қалдыру ретінде несиелеу қызметін жүзеге асырады, келісім-шартты 60 айдан артық емес рәсімдеуге болады. Жылжымайтын мүлікті кепілге қою арқылы несие беру қызметін ұснынады. Келісім-шартқа  60 айдан аса уақытқа отыра алмайды. Қолжетімді сома  —  ұлттық валютада 1- ден 16 миллионға дейін, жылдық пайызы 13-тен 23%-ға дейін өзгеріп отырады. 
  10. Сбербанк России – жылына 13% «сенімді несие» қызметін ұсынады. Мерзімі — 1-ден 4 жылға дейін. 150 мың теңге беріледі және сұратылған соманың 7,3%  мөлшерінде бір реттік комиссия қарастырылған.

Әрбір клиентке индивидуалды шарттар қойылған. Ол шарттар клиенттің жалақысына, несие тарихына, еңбек қызметінің ұзақтылығына, жасына, құжаттарына және т.б. байланысты қойылады.

Сондықтан қандай банк сізге төмен пайыздармен несие беретіндігін лезде анықтай алмаймыз. Себебі әрбір адамға әртүрлі тарифтар ұсынылады.

Hodnocení kategorie 4.5
Қазақстанның қандай банктерінде несие минималды пайыздармен беріледі?: 4.2/5 бастап 3112 дауыс

кредит